Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Менде ғана бар": Махаббат Мүсілім Тәуекелдей күйеу әлемде жоғын айтты

"Менде ғана бар": Махаббат Мүсілім Тәуекелдей күйеу әлемде жоғын айтты
инста парақшасынан
Актердің жары Махаббат Мүсілім күйеуі жайлы айтып, оны әлемде жоқ деп марқайды.

Тәуекел Мүсілімнің жары Махаббат желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. деп жазады KYN.KZ. 

Махаббат Мүсілім Instagram-дағы  парақшасында Тәуекелдей күйеуі болғанын армандайтын қыздардың сұрағына қатысты жауап беріп, жар таңдауда жолы болғанын, мұндай отағасы тек бір өзінде ғана бар екенін мақтанышпен жеткізді.

"Сіздің күйеуіңіздей жігітті қайдан тапса болады?" , - деп жолдапды сауалын оқырман.

"Іздемей-ақ қойсаңыз болады. Мұндай күйеу әлемде жоқ. Менде ғана бар. Аллаға шүкір", - деп жазды Махаббат.

Сонымен қатар актердің әйелі өз адамын қалай жолықтыруға болатынын сөз етті. "Бәрі бір Алланың қалауымен. Алла қаласа әлі-ақ кезіктіріп, бақытты боласыз", - деді ол. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар