Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үш айда 255 мың теңгеден астам онлайн аударым қабылдағандарды тексеруге алуы мүмкін

Үш айда 255 мың теңгеден астам онлайн аударым қабылдағандарды тексеруге алуы мүмкін
Ашық дерек көзі
Моблильді аударымдар салығы бойынша тағы бір мәлімет шықты

Мобильді аударымдарға талап күшеймек пе?! 90 күнде 255 мың теңгеден аса онлайн аударым қабылдағандар салық басқармасының бақылауына ілігуі мүмкін. Аталған мәселе бойынша Ұлттық экономика министрі не дейді?! Ал шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар бұндай жағдайда тауардың өз бағасын ақтамайтынын айтып, онсызда әрбір тауарға міндетті салық төлейтіндерін алға тартуда. 


          "Енді салық органдары үш айдың ішінде 100 және одан көп адамнан жалпы сомасы үш ең төменгі жалақы, яғни 255 мың теңгеден асатын ақшаны мобильді аударым арқылы алған азаматты тексере бастайды. Бұл ұсыныс үкіметте жіті қаралып жатыр. Осы орайда кәсіпкерлік кодекстің негізгі шартына сәйкес бір жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын, яғни, шамамен 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті", — дейді ҚР Ұлттық Экономика Министрі НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ. 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар