Басты жаңалықтар
"Күйеуінің қамын ойлап отыр": Қайрат Нұртасқа ет асатқан Жұлдыз елді сүйсінтті (видео)
- автор kyn.kz
- 22 ақпан, 2024
- 1.1k
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімованың оған тамақ беріп жатқан сәті түсірілген видео жариялады.
Қайрат Нұртас келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімованың бешбармақ беріп жатқан сәтті көрсетті. Өнер иесі жариялаған видео бірден ел арасында қызу талқыланды, деп жазады KҮN.KZ.
Қайрат Нұртас ерекше отбасылық видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда тамақтанатын жерде келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімованың күйеуіне тамақ асатып, асқан қамқорлығын көрсетіп жатқанын көруге болады.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға сүйсіне қарап, оларға жылы лебізін білдірді. "Керемет жұп", "Күйеуінің қамын ойлап отыр, жарайсың", "Келіншегінің қолынан ішкен тамақ мың есе дәмді болады", "Жұптарың жазылмасын", "Бала-шағаларыңмен бақытты болыңдар", "Қандай әдемі көрініс", - деп жазуда көпшілік.