Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасын Бишімбаевтың соққыға жыққаны түсірілген кадрларды жариялады (видео)
- автор kyn.kz
- 22 ақпан, 2024
- 1.4k
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев адвокаттарының ерлі-зайыптылар арасында "кішігірім жанжал" болды деген мәлімдемесінен кейін қарындасы қайтыс болған жерде түсірілген кадрларды жариялады. Бұл туралы KYN.KZ Айтбек Амангелдінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Нүкенованың ағасының айтуынша, Бишімбаевтың адвокаттары жалған мәлімдеме жасаған.
"Бишімбаевтың адвокаттарының жалған сөзінен кейін тергеу нәтижелерінің видеодан алынған скриншоттарын жариялауға мәжбүрледі.
Сондай-ақ видеоның бірінші бөлігінде біздің Салтаға деген қарым-қатынасымызды салып отырмын. Адвокаттардың ойынша кірігірім жанжал қалай болатынын түсінбедім.
Кадрларда оның қалай тепкілеп, жұдырықғанын анық көруге болады, ал сұхбатта адвокаттар бұндай болмағанын айтады", - деп жазды ағасы.
Сонымен қатар ол адвокаттардың Нүкенованың өліміне қатысты айтқан жалған сөздерін де тізіп шыққан.