Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда кеңес үкіметінен қалған құбыр жарылды (видео)

Алматыда кеңес үкіметінен қалған құбыр жарылды (видео)
Қонаев - Қазыбек би - Панфилов - Әйтеке би көшелеріндегі ғимараттарға ыстық су тоқтатылды.

Алматыда магистральдық жылу трассасында жарылыс болды, деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде таралып жатыр.

Әлеуметтік желіде Төлебаев көшесінің бойында жерден ыстық су атқылаған құбыр жарылысының видеосы пайда болды.

«Алматы жылу желілері» ЖШС Алматының Медеу ауданындағы Төлебаев пен Әйтеке би көшелерінің қиылысына жақын жерде орналасқан ауданда магистральдық жылу құбырында жарылыс болғанын хабарлады. Оқиға сағат 13:40-та диаметрі 400 миллиметрлік құбырда болды. Жарылыс болған жерді бақылауға алып, оны «Алматы жылу желілері» ЖШС жедел бригадасы жөндеуде. Апаттың алдын ала себебі 1985 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбырдың табиғи тозуы деп аталды. Жылу желісінің істен шыққан бөлігін ауыстыру жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қонаев - Қазыбек би - Панфилов - Әйтеке би көшелерінің маңында орналасқан ғимараттарға ыстық су және жылу беру уақытша тоқтатылды», - делінген "Адырна" ұлттық порталында.

Жылу беруді 23:00-ге дейін қалпына келтіру жоспарланып жатыр.

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар