Басты жаңалықтар
Кеденшілер пара алды деген күдікке ілінді – Антикор (видео)
- автор Admin
- 7 наурыз, 2024
- 1.3k
Соталды тергеу жалғасып жатыр.
Түркістан облысында кеден бекетінің қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет видео жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Антикорға сілтеме жасаған tengrinews.kz мәліметінше, "Қазығұрт" кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты жүйелі негізде пара алу дерекетері бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Олар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді", - деді Антикор өкілдері.
Соталды тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




