Әнші Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелдінің İnstagram әлеуметтік парақшаларына жариялаған видеосын желі қолданушылары қызук талқылап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.
Өнер иелері бірге ән шырқаған видеоларын жариялады.
"Жақсы көрем. Сарамен көптен күткен дуэтіміз. 8 наурыз күні шығады", - деп жазды Тұрар Ыдырыс.
Желі қолданушылары болса, әнші мен актрисаның жұптарын жарастырып тастады.
"Жұптың иісі шығып тұр", "Бір-бірлеріңді жақсы көріңдерші. Әдемі жұптын исі шығып тұрма деймін", "Жақсы көрем", "Дуэт ретінде ғана емес, жұп ретінде де жараса ма?" деп пікір қалдырды .
Айта кетейік, бұған дейін Сара Амангелді желіде ақ көйлек киген суретін бөліскен болатын. Кейін актрисаның ұзатылған видеосы да тарап үлгерген. Алайда өзі бұған қатысты ешқандай ашық пікірін жазбады.