"Біз де таяқ жедік" дегенді қою керек": Ер адам жастарды әскерге қызықтырудың жолын атады (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 наурыз, 2024
- 888
Әскерде жағдай жасалмай, жастар әскерге бармайды деп сөз бастаған ер адам наразылығын білдіріп, видеоүнджеу жасады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ол әскерге бармағандардың айыппұл арқалап, түрмеге тоғытылса да үкіметтің ешкімді бұндай шешіммен "жөнге" қоя алмайтынын айтады.
"Не жағдай керек әскерде? Барсын, қиналсын дерсіз. Айналайын, оның барлығы СССР-дің жүйесі. Сенің айтып тұрғаның Ресейдің жүйесі. Ол – адамның құнын білмейтін армия. Ал мына НАТО, батыстың, Еуропа, Америка демей-ақ қояйын. Қарапайым, Түркия, Әзербайжанның, Қытайдың армиясында айдың - күннің аманында үйге өлтіріп тастап әкеп бермейді. Ол әскери құпия деп бетіңе қарап отырмайды", - деген ол әскердеге барған адамның қауіпсіздігіне жауапты күшейту керектігін айтты.
Сондай-ақ ол Оңтүстік Кореяны да мысалға алып, ол жақта да әскерге жағдай жасалғанын айтты.
"Ресейден қалған киім-кешек, қару-жарақпен жаттығуға бару, ұрып соғу, одан қалды дұрыс мәзірі жоқ. Сіз айтуыңыз мүмкін, біз де таяқ жедік деп. Айналайын, оның бәрін қалтаңа салып қой. Қазір заман басқа, қоғам басқа. Баяғыдай ел надан емес баласын өлтіріп тастаса үндемей отыра беретін", - деген ол алдымен әскерде қауіпсіздік, тамақ, киім кишек жөнге қойылуы керек екенін айтты.
Автор бұрынғы өлместің күнін көретін заман өтті деген пікірді алға тартты.
"Әншейінде батыстың үлгісі дейді ғой. Ендеше алсын осы әскери үлгіні үкімет Ресейге жалтақтай бермей, қалған-құтқан методикасын ала бермей. Сонда ғана жастар барады әскерген. Сонда ғана патриоттар шығады. Ал енді тігінен барып, көлденеңнен кеп жатса, ешкім барғысы келмейді. Бір жыл бас бостандығынан айыр, он жыл бас бостандығынан айыр, жастар бәрібір бармайды", - деп сөзін тәмамдады ол.