Қоғам
"Денесін балтамен бөлшектеген": Түркістанда 35 жастағы келіншек күйеуін өлтіріп, денесін суға ағызып жіберткен (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 наурыз, 2024
- 87.4k
- Қылмыстың мотиві ақша ма әлде қызғаныш па?
2023 жылдың 9 тамызында Түркістан облысында 35 жастағы келіншек күйеуін өлтіріп, денесін суға ағызып жіберген, деп хабарлайды "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында болған. 35 жастағы келіншек 14 жыл отасқан күйеуін аса қатыгездікпен пышақтап, денесін балтамен бөлшектеген. Жасаған қылмысын жасыру үшін мәйітті екі бөшке мен шелекке салып, өзенге ағызып жіберген. Марқұмның туыстары «келіншектің мұндай сорақылықты жалғыз істеуі мүмкін емес», - дейді.
Күйеуін өлтірген келіншек мәйітті 3 күн бойы үйінде сақтаған. Иісі шыға бастағанда, көршісінен көмек сұрапты. Алайда Руслан Хасенов бөшкенің ішінде адам денесі жатыр деп ойламаса керек…
Келесі мақала