«Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 сәуір, 2024
- 865
Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ ақпарат порталы.
команданың баспасөз қызметіне Игорь Солошенко 1996-2013 жылдарда кәсіби футболда қазақстандық «Шахтер», «Жеңіс», «Тобыл», «Ертіс», «Оқжетпес», «Ақжайық» командаларында қорғаушы міндетін атқарды.
Ұлттық құрама сапында 1998-2005 жылдарда ел намысын қорғады.
2015 жылдан бері «Шахтер» сапында спорт директоры қызметін атқарса, одан кейін бапкер болды. 2020-2023 жылдарда «Шахтер-Болат» клубында бас бапкер қызметінде еңбек етті.
Өткен жылдан бері «Шахтердің» тізгінін ұстады. Былтыр ел біріншілігінде команда 11-орынға тұрақтап, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.
Биыл қарағандылық клуб 3 турдан кейін бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмай, турнир кестесінде ең соңғы орынды місе тұтып тұр.
Енді қарағандылық ұжымның бас бапкері міндетін Андрей Финонченко атқарады.
Ұқсас жаңалықтар
Бибісара Асаубаева табысы жоғары 10 әйел шахматшының қатарына енді
- авторТомирис Тоныкөк
- 13 ақпан, 2026




