Артынан бір теуіп, бетінен жұдырықпен бір ұрған: өзімен өзі тұрған келіншекке тиіскен шымкенттік ер адам сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 сәуір, 2024
- 6.1k
Шымкентте көшедегі бейтаныс әйелді атеуіп, қол көтерген ер адамның видеосы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Осы видеоны журналист Михаил Козачков өзінің Telegram каналында жариялаған болатын. Сот оған бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлайды Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Оқиға Шымкент қаласы Нұрсәт шағынауданындағы дүкен маңында 13 ақпан күні сағат 18.00 шамасында болған.
Кадрда дүкен алдында өзімен өзі тұрған бейтаныс әйелді ер адам себепсіз арқасынан теуіп жібергенін байқауға болады. Онымен қоймай, жәбірленуші әйелдің бетінен жұдырықпен бір ұрған. Қоғамдық орында бейтаныс әйелге қол көтерген 50 жастағы ер адамға Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігімен айып тағылған. Сот процесінде ол өз кінәсін толық мойындаған. Ер адам жасаған қылмысы үшін жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Сотта прокурор сотталушыға бір жыл бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұраған. "Сотталушының кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қорытындысымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді. Сот О. онша ауыр емес қылмысты жасағанын және сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін және оның үшінші топ мүгедектігі бар екенін ескерген.