Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Зам әкім бастаған бірнеше адам": Атырауға су тасқынына байланысты барған журналисті Штабтан қуып шыққан

"Зам әкім бастаған бірнеше адам": Атырауға су тасқынына байланысты барған журналисті Штабтан қуып шыққан
Өркен Жоямергеннің Facebook-парақшасынан. Суретте: Өркен Жоямерген
Атырауға жұмыс бабымен барған журналисті Штабтан қуып шыққан.

Белгілі журналист Өркен Жоямерген Атырауға жұмыс бабымен барған. Алайда оны штабтан қуып шыққан, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Атырауда жүрмін. Жұмыспен. Журналист ретінде. 

Су тасқынына арналған Штабқа барып едім. Зам әкім бастаған бірнеше адам Штабтан қуып шықты. 

Журналист екенімді айттым. Баспасөз хатшысына хабарласып, Штабқа баратынымды ескерттім.

Енді не керек? Кеше ғана президент «ресми ақпаратқа сеніңдер!» деді ғой. Сол ресми ақпарат алу үшін бардым ғой Штабтарына.

 Берік Уәли мырза, төрелігін айтыңыз.«Өміріме қауіп төнер болса, Астанама, қасыңызға қайтайын. Денсаулық керек. Бала-шаға бар", - деді ол Facebook-парақшасындағы жазбасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар