Қоғам
Тамақ алып жатқан біз, үкімет қайда, 2 млрд теңге қайда? — желі қолданушысы
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 сәуір, 2024
- 519
Ол үкіметтің оларға ас-ауқат жібермей жатқанын айтты.
Желі белсендісі Мадияр Тельгозин Құлсары халқының өздері бөгет жасап жатқанын, алайда үкіметтің оларға ас-ауқат жібермей жатқанын айтып, үндеу жасады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Мына жерде бөгет жоқ. Су көтеріліп бара жатыр. Қаншама жерде халық өзі алысып жатыр бөгетпен. Бірақ сол бөгетпен алысып жатқан жерлерде тамақ жоқ. Біз тамақ апарып жатырмыз. Апарып жатқанымызды міндетсінбейміз. Таң қалып жатыр, "қайдан әкеп жатсыңдар? Алла разы болсын" деп. Үкімет қайда мынау? Төтенше жағдайлар жұмыс істеп жатыр. Бірақ тамақпен қамтамасыз ете алмай отыр. Ағайындар, "Тенгизшевроил 2 млрд ақша бөлді" деп жатыр. Сол ақшаны бізге беріңдерші. Гүлдендіріп жіберейік. Үкіметке неге береді? Үкімет жоқ қой мына жақта", - деді ол.