Спорт
Базарбайұлы мен Бекбауов спаррингтік турнирдің финалында жұдырықтасатын болады
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 сәуір, 2024
- 492
63,5 келіде сынға түскен спортшылар қарсыластарын басым түсіп, Тайландтағы турнирде өнер көрсету бір табан жақындады.
Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов олимпиадаға жолдама беретін спаррингтік турнирдің финалында жұдырықтасатын болады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің финалына шықты. 63,5 келіде сынға түскен спортшылар қарсыластарын басым түсіп, Тайландтағы турнирде өнер көрсету бір табан жақындады. Базарбайұлы жартылай финалда Жандос Қыдырәлиевтің осал тұсын тапса, Бекбауов Серік Теміржановтан айласын асырып кетті. Осылайша екеуі әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің финалына шықты. Финалдық жекпе-жектер күні ертең болады.
Келесі мақала
Шығыс Қазақстан өзендері арнасынан тасуы мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Назым Қызайбай Олимпиада ойындарынан кейін сыйға берілген көліктерді сатып жіберген
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024