Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шығыс Қазақстан өзендері арнасынан тасуы мүмкін

Шығыс Қазақстан өзендері арнасынан тасуы мүмкін
BAQ.KZ. Суретте: өзен
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынын болдырмас үшін жұмыс жоспары дайындалып, қажетті құралдар әзірленген.

ШҚО-да нөсерлі жауын-шашынға байланысты Катонқарағай және Алтай аудандарындағы шағын өзендер тасуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz-ке  сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынын болдырмас үшін жұмыс жоспары дайындалып, қажетті құралдар әзірленген.

Нөсерлі жауын-шашынға байланысты Катонқарағай және Алтай аудандарындағы шағын өзендер тасуы мүмкін. Қауіпті учаскелер анықталып, тәулік бойы бақылау жүргізілуде. Облыс әкімі Ермек Көшербаев су тасқыны қаупі жоғары осы екі таулы ауданда болып, қазіргі жағдаймен танысты.

Төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер тізбегі әзірленіп, барлық күштер мен ресурстар үйлестірілді. Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, орманшылық, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бірлесе жұмыс істейді. Әркім өз учаскесін анықтап, үнемі бақылауда ұстау қажет. Инертті материалдар қоры, техника толықтай дайын, - деді әкім. 

Үй жануарларына арналған эвакуациялық пункттер мен алаңдар дайындалды. Құтқарушылар мұздың барысын бақылап, кептелісті тез жоюға әзір.

7 сәуірде Алтай ауданы Богатырево ауылында екі жеке тұрғын үйдің ауласына су кірген еді. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД қызметкерлері Бұқтырма өзенінде жарылыс жұмыстарын жүргізді. Ағынды судың кедергісіз өтуі үшін шағын су айдындарының арналарын тереңдету жүргізілуде. Бұл өзен үлкен алаңдатушылық туғызады. Өйткені гидрологтардың айтуынша, мұндай өзендер бірнеше сағат ішінде қауіпті белгіге дейін толып кетуі мүмкін, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар