Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Кешіруге дайынбыз": Салтанаттың ағасы мәлімдеме жасады

"Кешіруге дайынбыз": Салтанаттың ағасы мәлімдеме жасады
Жоғарғы сот.
Ол бүкіл нәрсені ағасының ықпалымен жасағанын айтты.

Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанға қатысты мәлімдеме жасады, деп KYN.KZ тілшісі. 

Нүкеновтің сөзінше, Бақытжан Байжанов бәрін ағасы Қуандық Бишімбаевтың ықпалымен істеген.

"Ол қазіргі таңда тек ағасының кесірінен тергеліп жатыр. 5 ай бойы тергеліп жатқаны үшін ағасына “көп рахмет” айтуы керек. Оның балалары барын білеміз. Әйелі, әке-шешесі де бар. Әке-шешесімен кездестік. Өте жақсы отбасы. Маған солай көрінді. Байжанов Бишімбаев сияқты емес, ол бәрін соның ықпалымен істеген. Егер ол сотта шын жауап берсе, біз де адамбыз ғой. Кешіруге дайынбыз, – деді Нүкенов сот кулуарында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар