"Шаршадым": Салтанаттың құрбысы оның интим видеоға не үшін түскенін мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 сәуір, 2024
- 4.0k
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединадан жауап алынды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Сот залында Салтанаттың құрбысы Аида Ахмединаның не жайлы сөйлескенін айтты. Салтанат құрбысына Бишімбаевтың өзіне қол көтеретінін, ағасы Айтбек Амангелдіге соққы алған түрін түсіріп, фото жібеигенін айтқан. Ал Бишімбаев болса Салтанатты интим видео түсіруге мәжбүрлеген. Себебі, Бишімбаев Нүкеновтер отбасының оны бопсалауы мүмкін деп ойлаған. "Менің отбасымда соққыдан кейінгі суретім бар. Біз оны бопсалап, желіде жариялап, одан ақша талап етеміз деп ойлайды. Ол мені жалаңаш күйде видеоға түсуімді сұрады. Сол кезде ол өзін бопсаламайтынына сенімді болатынын айтты", - деп жазған Салтанат құрбысына. Одан кейін Нүкенова Бишімбаевты құбыжыққа теңеп, видеосыз күйеуі оны жібермейтінін айтты. Аида Салтанаттан "интим видео түсіргені рас па?" деп сұрады. "Иә, одан кету үшін түстім. Мен шаршадым. Одан басқа ешкіммен араласпаймын. Ол әр қадамымды, әр хабарламамды, әр қоңырауды қадағалайды", - деп жазды Салтанат.