Түркістан облысында 9 сынып оқушысы зорланды деген ақпарат тарады
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 сәуір, 2024
- 5.7k
Осыған дейін Түркістан облысында мектеп оқушысы зорланды деген ақпарат тараған болатын. Алайда қыздың зорланғаны әзірге белгісіз. Ол сот медициналық сараптамадан кейін белгілі болады деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, кешеден бері оқиға болған осы Төлеби ауданы, Зағамбар ауылын екі жүзге жуық тәртіп сақшысы тексеріп жүр. 24 сәуірде түнгі сағат 2:00 шамасында бірнеше үйдің қорасы мен көліктері өртенген. Жұрт мұны іске қатысты тексеріс деп ойлапты.
Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, оқиғаға қатысты тергеу басталып, екі жақтың ата-анасы полиция бөліміне барған. Күдікті деген жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалыпты.
Ал қора мен көлікті өртеді деген күдікпен 16 жігіт ұсталды. Қазіргі кезде олар полиция бөліміне жеткізілген.