"Ол – аңғал, Бишімбаевқа сенді": Байжановтың әйелі алғаш рет сотта сөз алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 мамыр, 2024
- 1.1k
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Нүкенованың өліміне қатысты сот отырсы жалғасып жатыр. Б3 мамырдағы сот отырысында Бақытжан Байжановтың әйелі Айнұр Көлдеева алғаш рет сөз алды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
«Қандай жағдай болса да әйелге қол көтеруге түбегейлі қарсымын. Адам өлтіру – өте қорқынышты жағдай. Бақытжанмен (Байжанов – ред.) 2016 жылдан бері заңды некедемін, екі ұл, 7 айлық қызымыз бар. Ұлым әкесінің қайда, не істеп жүргенін білмейді. Бақытжан екеуміз осы уақытқа дейін бір-бірімізге дауыс көтеріп, ренжіскен емеспіз.
Бақытжан – өте тәрбиелі, иманды, қамқор, жұмысына адал жан. Қолынан келгенше көмектесіп жүреді. Ол сол күні Салтанаттың қиын жағдайда екенін түсінбеді, ағасының айтқанына сеніп, «ұйықтап жатыр» деп сеніп жүре берді. Бишімбаев – үлкен ағасы, әрі жұмыс берушісі. Менің ойымша жұмысшы бастығының айтқанын ешқандай сұрақсыз орындайды. Бақытжанның аңқаулығы, аңғалдығы ағасына деген аса құрметі, Салтанаттың жалаңаш түріне аса мән беріп қарамауы… Сондықтан жазықсыз жазаламауды өтініп сұраймын», – дейді Байжановтың әйелі.
Сондай-ақ ол күйеуінің бар қателегі - оған дер кезінде көмек бере алмағаны екенін айтты. Сондықтықтан барша қауымнан жолдласына түсіністікпен қарауын өтінді.