“30 жасында жетістікке жетпеу - ұят!”: Роза коучтың сөзі қызу талқыға түсті
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 мамыр, 2024
- 1.6k
Коуч, эксперт Роза Әшірбаева қыз-келіншектерге ақыл-кеңесін айтты. Оқырмандарының бірі одан 30 жастағы жігіттің автобуста жүруіне қатысты сұрақ қойған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Розаның сөзінше, 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеу ұят. Ол ешнәрсе бітірмеген жігіттердің жүрісін құп көрмейтінін жеткізді.
“Жасы 30-ға толған еркек үй алу үшін ақша жинап автобуспен жүрсе түсінуге болады. Ал егер ақшасын оңды-солды шашып, түк бітірмей автобуспен жүрсе онда мәселе болады. Кейбір жігіттер бар сондай. Үш күннен кейін айлығын жаратып, іші-жеп құртып тастайды. Бәрі бірдей емес. 30 немесе 35 жасқа жеткенде бизнес ашу үшін тірнектеп ақша жинап, үй алу үшін депозитке құйып жатса ондай жігіттерге “жарайсың!” деп қана айтамыз. 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеу, ауыз толтырып айтатын заты болмайтын ер азамат болу – ұят!", – деді коуч.