Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісу облысында мектеп оқушысын зорлаған мұғалімге қатысты сот үкімі шықты

Жетісу облысында мектеп оқушысын зорлаған мұғалімге қатысты сот үкімі шықты
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жетісу облысында математика пәнінің мұғалімі 20 жылға бас бостандығынан айрылды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық көрсетті", - деп айыпталған 39 жастағы азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Bugin.kz-тің ақпаратынша, сот отырысында прокурор ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

"Айыпталушы Ж.-ның әрекеті заң бойынша аса ауыр қылмыс санатына жатқызылады.  Ж.-ның кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен толық дәлелденді", - делінген сот хабарламасында. 

Мұғалім Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салды.  20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Кәмелетке толмаған жәбірленуші Г.-ның заңды өкілінің пайдасына бес миллион теңге моральдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар