"3 адам ауруханада":Полициядан қашқан мас жүргізуші аялдамада тұрған екі адамды мерт қылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 мамыр, 2024
- 6.5k
Алматы облысы Іле ауданында полициядан қашып кетпек болған көлік жүргізушісі аялдамаға кіріп кеткен. Салдарынан екітадам қаза болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 12 мамырға қараған түні болған. 49 жастағы ер адам қатты жылдамдықпен аялламаға соғылған.
"12 мамырға қараған түні "Бүркіт-35" бригадасының полицейлері Байсерке ауылында патрульдеу кезінде ЗИЛ-131 көлігіне күдітенген. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы өтінішін елемей, қашып кетпек болған. Салдарынан жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам Алматы-Жетіген тас жолының 32-ші шақырымындағы аялдамаға қатты жылдамдықпен кіріп кеткен. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды", – деді Алматы облысы жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.
Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша құқық бұзушы көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде қолданған.
"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, көлік арнайы тұраққа орналастырылды. Жүргізушінің үстінен екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Әленов.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024