Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өлуге дайынмын»: Қазақ тілін қорғаған азамат ісімен жұртты өзіне тәнті етті (Видео)

«Өлуге дайынмын»: Қазақ тілін қорғаған азамат ісімен жұртты өзіне тәнті етті (Видео)
Ер азамат тұрғын үй кешеніндегі қабырғаларда ілінген жазулардың тек орыс тілінде екенін айтып, наразылығын білдірген

Ер адам қазақ тілінде ақпарат беруді талап етіп, тәртіп сақшыларын шақырған. Оның айтуынша, қабырғаға ілінген жазу тек орыс тілінде жазылған. Аталмыш видео qazaqstvnda деген парақшада жарияланған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада ер адам ғимараттардың біріндегі қабырғаларда ескертулер тек орыс тілінде ғана жазылғанын айтады. Тұрғын үй кешенінің әкімшілігіне барып ескерткен. Алайда, олар жазуды қазақ тіліне ауыстыра алмайтынын жеткізіпті.

«Інім курьер болып келіп, есіктің алдына мопедін қойын кеткен. Орысша түсінбейді. «Мына ескертулерді оқып тұрған жоқсың ба» деп адамдар ұрыс шығарыпты. Ал мына жерде бірде-бір сөз қазақ тілінде жазылмаған, Арғы жағындағы жаузлардың барлығы да орыс тілінде. Әкімшілікке барып түсіндірдім. Бірақ олар қазақ тілінде өзгертуге уәде бере алмады», - дейді ер адам видеода.

Ер адам әкімшіліктегілермен келісе алмаған соң, тәртіп сақшыларын шақыруына тура келіпті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар