Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ей, сен такси жүргізбе": Астанада ішімдікке тойып алған ер адам құлағы естімейтін, сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (видео)

"Ей, сен такси жүргізбе": Астанада ішімдікке тойып алған ер адам құлағы естімейтін, сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (видео)
Кадрдан скриншот
Оқиға такси жүргізушісінің бейнебақылау қамерасына жазылып қалған.

Астанада алкогольді ішімдікке сылқия тойып алған ер адамның мүгедектігі бар такси жүргізушісін балағаттаған видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Оқиға такси жүргізушісінің бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Кадрда алдында отырған ер адам "Ей, сен такси жүргізбе" деп балағаттап, "тоқтат" деп ағылшынша араластырып, артта отырған жолаушыға "түс" деп түсіріп алады.

Жүргізушіге тоқтаусыз балағат сөздер жаудырған ол жолаушы жақтағы есікті ашып, USB каблоны да алып кетпек болады. Бірақ жүргізуші каблоны дер кезінде қолынан жұлып алып, бермей қояды. 
 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар