
Ауыл тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда.
Бейбарыс ауылдық округінде Талдыкөл ауылының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
"Бүгінде 146 жергілікті тұрғын эвакуацияланды. Оның ішінде: 91 бала, 5 студент, 55 қарт адам, 3 жүкті әйел және 4 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың барлығы APEC жоғары колледжінің эвакуация пунктінде орналасқан", - деп хабарлады Махамбет ауданының әкімдігі.
Еске сала кетейік, 13 мамырда Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Талдыкөл ауылының тұрғындарын кіреберіс жолдың су басу қаупіне байланысты эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Ауыл тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ұшақ апаты: Тоқаев Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 маусым, 2025