Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында граната жарылып, екі полицей жарақат алды

Алматы облысында граната жарылып, екі полицей жарақат алды
Сурет: pravda.com.ua
Оқиға оқу-жаттығу кезінде орын алған

Қонаев қаласында оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, екі полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полигондағы оқу-жаттығу кезінде граната атылып, екі полиция қызметкері жарақат алғаны туралы БАҚ беттерінде ақпарат тарады. Осыған байланысты Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеме жасады.

"Оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасы пайдаланылып, облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алғанын хабарлаймыз. Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды”, – деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаментінен.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар