"3000 теңге бермегенім үшін": Жетісуда мұғалім мектеп басшылығын қысым жасады деп айыптады
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 мамыр, 2024
- 1.3k
Жетісу облысындағы алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі мектеп басшылығын ақша бопсалады және қысым жасады деп айыптады. Бұл туралы KYN.KZ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мұғалім әлеуметтік желіде оқу-ағарту министріне видео үндеу жолдап, мектеп басшылығының өзінен ақша бопсаланғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Алакөл ауданы Қабанбай ауылында орналасқан мектепте директордың басқа оқу орнына ауысуына байланысты ақша жиналған.
"Біздің 70-тен астам қызметкерден тұратын ұжымымыздан директордың басқа жұмысқа ауысуына байланысты сый ретінде 3000 теңгеден жинауымызды талап етіп жатыр. Ақша бермегенім үшін мені және қосылмаған басқа да мұғалімдерді жұмыстан шығарамыз деп қорқытты", – деді бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.
Облыстық білім басқармасы ауыл мектебіндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Басқарма мұғалімді ешкім жұмыстан шығармағанын және ол мектепте жұмысын жалғастырып жатқанын айтты.