"Күйеуінің ұрғанына шыдап": Оралда 3 баланың анасы жоғалып кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 мамыр, 2024
- 1.7k
Оралда 20 күннен астам уақыт бұрын жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылмай жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айнагүлдің туыстары, күйеуінің ұрғанына шыдап, үйден кетіп көрмегенін айтады. Үш баланың кенжесі небәрі 4 жаста. «Немолчи.кз» қорының басшысы Дина Таңсәрінің айтуынша, келіншектің әріптестері оның жоғалғанына күмәнмен қарайды. Себебі, күйеуі тек полиция келгенде арыз жазуға мәжбүр болған.
Айнагүлдің ата-анасы жоқ, алыс туыстары ғана бар. Полициядан осы істі назарға алып, бақылауын сұраймыз. Күйеуі жалдамалы пәтерінен көшіп кеткен. Мүмкін, ұрып-соғудың, зорлық-зомбылықтың кейбір заттай дәлелдері жоғалып кеткен болуы мүмкін, - дейді Дина Таңсәрі.
Сондай-ақ #Немолчикз Орал қаласының тұрғындарынан Айнагүл жайлы қандай да бір ақпарат болса, полицияға немесе +77051510000 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде мұғалім оқушысына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 қыркүйек, 2024
Әлемде әр 11 минут сайын бір жасөспірім өз-өзіне қол жұмсайтыны айтылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 қыркүйек, 2024