"Ақырында біздің әжетханадан шықты": марқұм 3 жасар Асылымның көршісі болған жайтты баяндап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 мамыр, 2024
- 1.4k
Үш күн бұрын дәретханадан өлі табылған 3 жастағы Асылымның мәйіті 20 мамырда жер қойнына тапсырылды. Асылымның әкесі мен көршісі қайғылы жағдай пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Асылымның денесі көрші үйдің дәретханасынан табылған еді.
«Мұны өзіміз де білген жоқпыз. 16 мамырда ағасы үйге іздеп келді. Жарты сағаттан кейін далаға шығып, әлі табылмапты. Содан күні-түні ұйықтамай, үш күн қарадық. Бармаған жеріміз қалмады. Ақырында біздің үйдің әжетханасынан шықты. Болғаны сол», – дейді көршісі.
Әкесі көршісіне ешқандай реніші болмағанын, қызының ойнап жүріп, түсіп кеткенін айтады.
Еске салайық, үш жасар Асылым 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында жоғалып кеткен. Таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында қақпаның жанында ойнап жүріп, артынша із-түзсіз жоғалып кеткен.
Құтқарушылар мен сүңгуірлер каналдар мен ауладағы септиктерді, құдықтарды тексерген. Іздестіру шарасына полиция, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
19 мамыр Асылымның денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды.