Қоғам
Батыс Қазақстанда 73 жастағы зейнеткер әйелін ұрып өлтірген
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 мамыр, 2024
- 1.3k
Ол 10 жылға бас бостандығынан айрылды.
Батыс Қазақстанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 73 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шығарды. Ол әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Мgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, зейнеткер алдымен өз пәтерінде әйелін ұрып-соғып, аяқ киім бауымен тұншықтырып, содан кейін қолымен өысып өлтірген. Олар 48 жыл бұрын отау құрған.
«Сот отырысында сотталушы өз әрекетіне өкінетінін және жасаған қылмысын мойындайтынын көрсетті», - деп атап өтті сот.
Сондай-ақ сотта қарттың жасы да есепке алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Қоғам
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




