Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Министрдің орынбасары «Айка тізіміндегі» қыздарды жазалау туралы айтты

Министрдің орынбасары «Айка тізіміндегі» қыздарды жазалау туралы айтты
«Айка тізімі» бойынша сот үкімі шығып, 2 адам сотталған болатын.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев бір күн бұрын үкім шығарылған «Айка тізіміне» қатысты атышулы іске пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Марат Қожаев  «Айка тізіміндегі» эскорт қызметін көрсеткен қыздарды жазалау туралы сұраққа жауап берді.

«Үкімге қатысты пікір бермеймін, бәрін өздеріңіз білесіз. Интим қызмет көрсеткен тұлғаларды жауапкершілікке тарту бөлігіне келсек, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі шектелген. Сондықтан әр жағдай жеке қаралады», – деді Марат Қожаев.

Министрдің орынбасары журналистердің "эскорт клиенттерін жазалау идеясын қолдайсыз ба?" деген сұрағына «Жеке мен қолдаймын» деп қысқаша жауап берді.

Еске салайық,  «Айка тізімі» бойынша сот үкімі шығып, 2 адам сотталған болатын. Ұйымдастырушы 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылса, екінші күдікті 3,8 жылға бас бостандығынан шеттелді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар