Мәдениет
"Іштарлық болады": Бейбіт Қорған өнер жолында дос табудың қиын екенін айтты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 мамыр, 2024
- 1.1k
Бейбіт Қорған: "Менде өнерде дос жоқ, әріптес бар"
Эстрада әншісі Бейбіт Қорған өнер жолында достық болмайтынын, болса да аяқтан шалып, келі тартатынын айтады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ол бұл туралы Qazaqstan телеарнасындағы "1001 түн" бағдарламасында мәлімдеді.
"Менің ойымша, өнерде дос деген жоқ сияқты. Достықты көрсететіндер көп шығар, мүмкін. Менде өнерде дос жоқ, тек әріптестер ғана бар. Бәріміз адам баласымыз, ешкім өнер адамы болып жаралмайды. Адам баласы болып өмірге келгеннен кейін іштарлық пен көреалмаушылық болады. Қолдап жіберудің орнына артқа тартатындар да болады. Сондайлығы (қасиеті -ред. ескертпесі) болмағандар ғана жақсы биіктікке жетеді деп ойлаймын. Сахнаны қызғанбаймын, өйткені сахна тек менікі емес", - деді Бейбіт Қорған.