"Жүрегім бос емес": Салтанат Нүкенованың ағасы бұрынғы әйелінен қалай ажырасқанын айтты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 мамыр, 2024
- 6.5k
Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтана Нүкенованың ағасы бұрынғы некесі жайлы айтты. Тумир Балымбетовке берген сұхбатында Айтбек Амангелді бұрынғы әйелімен мінезі жараспағанын жеткізді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Айтбек Амангелді бұрынғы некесінде ұрып-соғу, тұрмыстық зорлық-зомбылық болмағанын айтады
"Жай ғана мінезіміз келіспеді. Ол кезде жас болдық, қарапайым тұрмыстық дүниелерді түсінбедік, өзіміз қалағандай өмір сүру үшін жеткілікті табысымыз болмады. Үй жалдап тұрдық, көлігіміз де болмады. Мен балалы болуды армандадым. Маңайымдағы достарымның бәрі балалы еді. Бірақ ол арманым орындалмады. Біз ешқандай ұрыс-керіссіз, тыныш қана ажырасып кеттік. Әркім өз жолымен кетті. Бір-бірімізге ешқандай өкпе, ренішіміз жоқ, қазір ешқандай байланысымыз да жоқ", - деді Айтбек Амангелді.
Айтбек сонымен қатар, оқырман тарапынан қойылған "Қайтып үйленгіңіз келе ме, қазір жүрегіңіз бос па?" деген сұраққа да жауап берді. "Әрине үйленгім келеді. Бұл өмірде ешкім жалғыз болғысы келмейді. Бірақ жүрегім бос деп айта алмаймын”,-деді ол.