"Шаңды дауыл": 25 мамырға арналған ауа райым болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 мамыр, 2024
- 1.3k
Қазгидромет 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде Батыс антициклонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР-ның оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан, Қызылорда облыстарында дауыл болады.
Күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Ақтөбе, облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысындағы кафе жарылды: 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды
- авторkyn.kz
- 13 желтоқсан, 2025
Қызылордада 95 жастағы ардагер мүгедектік ала алмай жүр
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025




