Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бұл не ырым, не дәстүр?": келінге тәтті тістеткен қос ене жұрт талқысына түсті (ВИДЕО)

"Бұл не ырым, не дәстүр?": келінге  тәтті тістеткен қос ене жұрт талқысына түсті (ВИДЕО)
kyn.kz
Көпшілік мұның не ырым немесе қандай салт екенін түсінбей қалған.

Желіде үйлену тойынан видео тарады. Онда жаңа түскен келіннің бетін ашқан үлкен кісілер онымен тәтті печеньені тіспен бөлісіп жейді. Мұны көрген жұрт таңданысын жасыра алмаған. Кейбіреулер мұны тіпті ұятсыздыққа да балаған, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Білетіндер кей өңірде бұл дәстүр екенін жазған. тіпті мағынасы тереңде деп отыр.

"Бұл деген ене мен келіннің  арасы тату болсын деген ырым. Жаңа түскен келінге тәтті тістетіп жатыр. Оның мағынасы тереңде. Тату, ауызымыздан бір-бірімізге тәтті сөздер шықсын дегенді білдіреді",-деп жазды желі қолданушысы.

Өзгелері мұның сырттан өте ыңғайсыз көрінетінін жазған.

Болған жағдайдың ВИДЕОСЫ Телеграм арнамызда.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар