"Электр желісі денесіне тиген": Құлсарыдағы өрт сөндірушінің неден қайтыс болғаны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2024
- 421
Құлсары қаласында қайтыс болған өрт сөндірушіге қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, марқұм Бейбарыс Рақым Атырау қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
«Азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Рақым 24 сәуірде Құлсары қаласындағы тасқын суды сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге іссапарға жіберілді. Жылыой аудандық штабының нұсқауы бойынша 15 мамырдан бері «Басшы Ата» зираты аумағындағы учаскеде Атырау облысы ТЖД-ның 13 жеке құрамы 5 техникамен су айдау жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Бөлім командирі Бейбарыс Рақым өр суын соруға арналған техниканы орнату үшін көліктің жоғарғы жағына шыққан. Алдын ала мәліметке қарағанда, ол өз еркімен жақын маңдағы өрт сөндіру жеңін жерге түсіру үшін көліктің жоғарғы жағында тұрған. Жоғарыда жүргізілген электр беру желісі абайсызда құтқарушының денесіне тиіп, өрт сөндіруші құлаған. Ол осы учаскедегі жұмыстарды жүргізетін жеке құрамды басқарған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, кешкі сағат 20:55-те келген жедел медициналық жәрдем қызметкерлері құтқарушының қайтыс болғанын анықтады», - деп мәлімдеді департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Еске сала кетейік, бұған дейін құтқарушының қазасы жайлы жазған болатынбыз.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024