Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Кінәсін мойындады": Қостанайда алкогольді ішімдік ішіп, әйелдер дәретханасын сығалаған ер адам тұтқындалды

"Кінәсін мойындады": Қостанайда алкогольді ішімдік ішіп, әйелдер дәретханасын сығалаған ер адам тұтқындалды
Аllindiaroundup.com. Көрнекі сурет
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қостанайда алкогольді ішімдік ішіп, әйелдер дәретханасын сығалаған ер адам 20 тәулікке қамалды, деп жазады KYN.KZ ақпарат порталы. 

Қостанай облысының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін азамат А.-ға қатысты істі қарады. Ер адам кінәсін мойындады.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 28 мамырда Қостанай қаласындағы  "Наурыз" сауда ойын-сауық орталығының әйелдер дәретханасында болған азамат А мас күйінде келушілерді жасырын бақылап отырды", – делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысымен 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар