"Көп еркекпен жақындасқан әйел инфекция таратады" деген блогердің сөзіне қатысты полиция мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 маусым, 2024
- 1.5k
Блогер әрі журналист Жанәділ Райымбековтың жыныстық инфекцияға қатысты ақылға қонбайтын пікіріне полиция мәлімдеме жасады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
«Byzyq» телеграм арнасы Ішкі істер министрлігіне блогердің сөздері «көрінеу жалған ақпарат тарату» санатына жататынын айтып, сауал жолдаған.
Астана полиция департаментінің жауабында блогерді жазалауға ешқандай себеп жоқ екені айтылған. Полиция мәліметінше, ол ғылыми зерттеулерге сілтеме жасағанымен, өз көзқарасы мен сенімі бойынша субъективті пікір білдірген. Сондықтан «көрінеу жалған ақпарат таратудың» белгілері жоқ.
"Полиция ғылыми зерттеулерге сілтеме жасап" деп пікір білдірген. Алайда блогер нақты дереккөзді атай алмаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін блогер "Көп еркекпен жақындасқан әйел инфекция таратады" деп желіні шулатқан болатын. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі оның бұл пікірінің ақылға қонымсыз екенін айтқан болатын.