Қоғам
“800 мың теңге жалақы аламын”: Ринат Зайытов банктен алған несиесін төлей алмай жүр
- автор Анар
- 6 маусым, 2024
- 404
Ол кредитті сайлаудан бұрын үгіт-насихат жүргізетін кезде алған.
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов отбасын асырау үшін несие алған. Айтуынша, жалақысының жартысы қарызын жабуға кетеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұрынғы айтыскер ақын бұл туралы Qazaq Airan ютуб-каналына берген сұқбатында айтқан.
«1 айда 800 мың теңге жалақы аламын. Оның жартысы айдың ортасында, қалған бөлігі ай соңында түседі. Депутаттың өзі несиесінен құтыла алмай жүргенде қарапайым жұртқа оңай емес. Мен оны түсінемін. Айтып та жүрмін»,- деді Ринат Зайытов.