Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Аш қарынға кәмпит жеген оқушы қыз көз жұмды

Аш қарынға кәмпит жеген оқушы қыз көз жұмды
Сурет: Москва 24
Қыздың өліміне "улану" себеп болған.

Новосібір облысында оқушы қыз улану салдарынан қайтыс болды. Анасы оның аш қарынға кәмпит жегенін айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазір оны тергеу комитеті тексеріп жатыр.

«Ол қыз аш қарынға көп кәмпит жеп қойып, құса бастады. Ересектер бірден жедел жәрдем шақырды. Олар ауруханаға шамамен 20 минуттай барған. Бірақ жолда байланыста болып, не істеу қажет екенін айтып отырған. Алайда, қыздың тынысы тоқтап қалған», — дейді қыздың туысы «Комсомольская правда» редакциясына.

Алдын ала болжам бойынша өлімге «улану» себеп болған. Тергеу комитеті басқармасының қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізуде.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар