Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Меккеде қажылыққа барған 500 - ден асатын адам ыстықтан мерт болды

Меккеде қажылыққа барған 500 - ден асатын адам ыстықтан мерт болды
Rafiq Maqbool
2000-ға жуық қажы ыстыққа шыдамай дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Сауд Арабиясы билігі қажылықта жүрген 2000-нан астам ыстық ұрып, ем алғанын мәлімдеді. Себебі  17 маусым күні Меккедегі Харам мешітінде ауа температурасы 51,8 градусқа жеткен. Сауд Арабиясының зерттеуіне сәйкес, аймақтағы температура әр онжылдықта 0,4 градусқа көтерілген.

Аптап ыстықтан қаза тапқандардың 60-ы иорданиялық азамат екені белгілі болды.

Осы тұста билік қажылыққа келіп, парызын өтейтін туристерге аптап ыстықта қолшатырларды қолданып, күннің ең ыстық кезінде күн сәулесінен аулақ болуға кеңес беруде. Алайда қажылар дәл қазір Арафат тауында дұға ету секілді көптеген қажылық рәсімдер ашық ауада ұзақ отыруды қажет ететінін айтады. Осыған орай туристер жол жиектерінде адам мәйіттерін көргендерін де хабарлады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар