Динара Қырықбаева: балаларымды қабылдамайтын ер адамдар, маған жоламаңыздар!
- автор kyn.kz
- 19 маусым, 2024
- 8.5k
Бала күнінен халыққа танылған әнші Динара Қырықбаева тұрмысқа шығып, ажырасқаннан кейін де сахнадан көрінбей кетті. Жақында ғана жаңа әнін жарыққа шығарған әнші журналист Анна Данченкоға жеке өмірі жайлы сыр шертті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Ол өзінің бақытты болуға лайық екенін айтып, жанына медеу болар ер адамды жолықтырғысы келетінін айтып өтті.
"Мен бақытты болуға лайықтымын. Әр ана бұл өмірде бақытты болуға лайықты. Енді бір жақсы адам, жақсы жар, менің балаларыма жақсы, өз балаларындай қарайтын жан жолықса деймін. Өзіме әйел бақытын тілеймін!", – деп жауап берді әнші.
Тележүргізушінің "балаларың ата-анаңмен тұра берсін, мен сені ғана аламын" десе, тұрмысқа шығар ма едіңіз?" деген сұрағына әнші өз жауабын айтты.
"Жоқ, жоқ, әрине жоқ. Мен үшін балалар бірінші орында тұрады. Ондай ер адам маған керек емес. Ондай ер адамға мен қарамаймын. Балаларымды керек етпесе, не үшін ол маған керек? Сондықтан, ондай еркектер маған жоламаңыздар", – деді әнші.
Ұқсас жаңалықтар
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024