Күйеуіне ренжіп екі баласын тұншықтырып өлтірген қызылордалыққа сот үкімі шықты
- автор kyn.kz
- 20 маусым, 2024
- 1.9k
Ол алдағы 15 жылын орта режимдегі колонияда өткізеді. Істі алқабилер бірнеше ай бойы қарады.
Бұл процесті журналистерге сотталушыны және алқабилер көрсетпеу шартымен жариялауға рұқсат етті.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, келіншек балаларды өлтірейін деп жатқанын айтқан.
"Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Істі тергеумен Түркістан облыстық полиция департаменті айналысуда", - деп жазды Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол әйел жалдамалы пәтерде екі баласын тұншықтырып өлтіріп тастаған. Одан кейін қашып кеткен. Жол-жөнекей құрбысына хабарласып, балалардың қайтыс болғанын және жалдамалы пәтердің мекенжайын айтқан. Құрбысы полицияға хабар берген. Оған бірден іздеу жарияланды. Сол күні екі баласын өлтірген әйел Шымкент қаласындағы қонақ үйде ұсталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Қызылорда облыстық білім басқармасының мәліметінше, ұсталған әйел Шиелі ауданындағы №46 мектепте он жылдан бері мұғалім болып жұмыс істеген. Педагогикалық қызметте бірқатар жетістікке де жеткен. Диспансерлік есепте жоқ. Ата-енесі бар, жұбайымен бірге тұрған.