"Төбелес болған": Германияда қаза тапқан экс-судьяның денесінен пышақ жарақаттары анықталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 маусым, 2024
- 495
Германияда көз жұмған қазақстандық әйелдің денесінен пышақ жарақаттары табылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпрат агенттігі.
Айгүл Сайлыбаеванының қолы, мойны және бетінде пышақ іздері бары анықталды.
4 маусым күні таңертең Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға алып кеткен. Содан бері әйелді ешкім көрмеген. Іздестіру кезінде полиэтилен пакетке салынған мәйіті қаланың шетінен табылды.
"Болжам бойынша төбелес болған. Әйелге біреу шабуыл жасаған, ол өз-өзін қорғауға мәжбүр болған", – делінген Сайлыбаева ісін қарап жатқан тергеушінің жауабында.
Сайлыбаевамен бір мезгілде оның Ресейден келген 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова да із-түзсіз жоқ болып кеткен. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне алып келген. Содан бері хабар жоқ. Қазір Жаклин әкесімен бірге.
Қазақстаннан Германияға марқұмның ағасы Қанат Сайлыбаев келді. Ол әпкесін Отанына жерлегісі келетінін мәлімдеген.
«Біз өте жақын болдық. Айгүл хабарламаларға бес минут ішінде жауап беретін. Оның мінезіне мұндай жат. Ата-анамыз Айгүлмен соңғы рет 3 маусымда телефонмен сөйлесті. 5 маусымда біз полицияға хабарладық. Айгүл өте ашық және жанашыр адам еді. Ол қызын бәрінен де қатты жақсы көрді және сүйікті ана болды. Айгүлдің өліміне кім кінәлі болса, ол әділ жазаға тартылады деп үміттенемін», - деді Қанат Сайлыбаев.