Атырауда ескерткіш бір емес, екі баланың үстіне құлаған
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 маусым, 2024
- 969
25 маусымда Атырауда ескерткіш құлап, бір отбасының екі баласы жарақат алған. Балалардың бірі жансақтау бөліміне жатқызылғанмен, көп ұзамай көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 25 маусымда сағат 21:40 шамасында Атырау қаласында ауа райының күрт бұзылуы салдарынан "Жеңіс" саябағында орналасқан ескерткіш құлап, салдарынан бір отбасының 2015 және 2017 жылы туған балалары Атырау облыстық балалар ауруханасына түскен.
"2017 жылы туған қыз бала түрлі ауыр дене жарақатымен түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Сырқатының ауырлығына байланысты тиісті ем-шаралар көрсетілгенмен ол қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Басқарма өкілдері 2015 жылы туған науқасқа жарақат бөлімінде ем көрсетілгенін мәлімдеді.
"Қолы сынғанына байланысты гипс салынды. Амбулаториялық ем қабылдауға байланысты үйіне жіберілді", - дейді дәрігерлер.
Айта кетейік, Атырауда 7 жасар қыз баланың үстіне ескерткіш құлап, ауруханада көз жұмғаны хабарланған еді.