Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда автобус апаты: кінәлі танылған продюсер екі айға қамалды

Алматыда автобус апаты: кінәлі танылған продюсер екі айға қамалды
Сурет: ulysmedia.kz
Жол-көлік оқиғасы 26 маусымда болып, бір жолаушы қаза тапты

Алматыда "5:32", "Эскорт" және басқа да танымал сериалдардың продюсері Анель Сартаева қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ұсталғанын Сартаеваның адвокаты растады. Жол-көлік оқиғасы 26 маусымда болып, бір жолаушы қаза тапты. 20-дан астам жолаушы зардап шекті.

Еске сала кетейік, бұған дейін автобустың Алматыдағы дүкенге соғылғаны хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, Kia авто жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, City-Bus ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-маршруттық автобуспен соқтығысқан.

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы автобус апатынан 25 адам зардап шеккенін хабарлады. Екеуі көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберілген. Тағы 22 зардап шеккен адам ауруханаларға жеткізілген. 

Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы орташа ауыр ретінде бағаланады. Бір жәбірленуші оқиға орнына дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар