Алматыда көкжөтел жұқтыру дерегі 20 пайызға өскен. Бес айда 62 науқас коклюшпен тіркеліпті. Ауруға шалдыққандардың дені 14 жасқа дейінгі екпе салдырмаған балалар, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Оңтүстік астанада қызылша дерті де дендендеп барады. 3170 науқастың 2 мыңға жуығы балалар мен жас өспірімдер. Бұл да вакцинациядан бас тартудың салдары дейді мамандар. Жалпы, қалада эпидахуал тұрақты. Тырысқақ , іш сүзегі, қышыма мен күйдіргі сияқты қауіпті инфекция ешкімнен анықталмаған. Ал маусымдық тұмаудан қорғайтын екпені қала тұрғындарының тек 11 пайызы ғана салдырыпты. Жаз мезгілі болған соң тағамнан улану мен ішек инфекциясын жұқтыру жағдайы жиілепті.
«11 нозология, оның ішінде сальмонеллез 17,4%-ға, этиологиясы анықталған жіті ішек инфекциялары 22,1%-ға, көкжөтел 20,1 есеге, менингококк инфекциясы 1,6 есе (немесе 2 жағдай), қызылша 5,8 есе, А вирустық гепатит 41,6%, жедел В вирустық гепатит 44,4% (немесе 1 жағдай), созылмалы С вирустық гепатит 32,5%, энтеробиоз 1,7 есеге, ЖРВИ 7,8%, дерматомикоз 32,2% артуы байқалады», - деді Алматы қалалық санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасының басшысы Қасымхан Алпысбайұлы,