“4-5 жылдай”: Қайрат Түнтеков 40 миллион теңгедей қарызын бірнеше жыл төлеген
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 шілде, 2024
- 491
Әнші Қайрат Түнтеков 2012 жылы түскен жол апатын есіне алды. Соның салдарынан пайда болған қарызын бірнеше жыл бойы өтеп келген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы “Qazaq Airan" Youtube-жобасына берген сұхбатында айтқан. Ол қарызын төлеуіне 4-5 жыл кеткенін айтты.
"Жол апатына түскен кезде сот жәбірленушіге 40 миллион теңгеге жуық өтемақы төлеуімді міндеттеді. Сол уақытта бұл өте көп ақша болатын. Халық шулап кетті, ал журналистер одан сайын көтерілді. Ол кезде "хайп" деген түсінік жоқ еді ғой. Хайп болған алғашқы әншінің бірі өзім болдым ғой. Сол қарыздан құтылу үшін 4-5 жылдай жүрдім. Маған көмектескен өнер адамдарына, ата-анама, жақындарыма алғысым шексіз. Қазір күліп еске аламыз ғой, бірақ сол кезде маған өте ауыр тиді, - дейді әнші.