Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Метіркеге өзге еркектің тегін жазған”: Жамбыл облысының тұрғыны немересін өз атына жаздыра алмай жүр

“Метіркеге өзге еркектің тегін жазған”: Жамбыл облысының тұрғыны немересін өз атына жаздыра алмай жүр
Сурет: видеодан скриншот
Келінінің ұлынан жүкті болып, босанғанын кеш білген зейнеткер ендігіде туған немересін өз атына жаздыра алмай жүр

Жамбылдық Көпболсын Үсенов немересінің құжатында өз ұлының емес, өзгенің тегі жазылғанын айтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Келінінің ұлынан жүкті болып, босанғанын кеш білген зейнеткер ендігіде туған немересін өз атына жаздыра алмай жүр. Бұл туралы ол “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтты. 

“Ұлым екеуі жүріп жүргенде келіннің аяғы ауыр болып қалады. Ұл бізге айтпаған. Келіннің әкесі қайтыс болып кеткен. Шешесі ішімдікке салынған. Сөйтіп жүре берген. Кездейсоқ біреулер мұны өз қолдарына алып, ол қашып кетпес үшін қарап жүреді. Таразда әпкесі тұрады. Солар бұл қызды перзентханаға апарып босандырып алады да метіркеге өзге ерекектің тегін жазған. Ал күйеуі болып саналған жігіт сотталып кеткен”, - дейді Көпболсын Үсенов. 

2022 жылы келіні 2 жасар қызымен қайын атасына келіп, барлық шындықты айтып берген. Алайда содан бері бұл үйге соттан адамдар келіп, бүлдіршінді құжаттағы отбасына қайтаруды талап еткен. Бірақ әділдік іздеген зейнеткер туған немересін өз атына жаздырғысы келеді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар