Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Наурыз" бағдарламасы бойынша кімдердің үй алуға мүмкіндігі бары айтылды

"Наурыз" бағдарламасы бойынша кімдердің үй алуға мүмкіндігі бары айтылды
baikal24.ru
Барлығы 38 320 адам өтінім берген.

Бүгін12 500 қазақстандық "Наурыз" бағдарламасының қатысушысы атанды, деп хабарлайды "Отбасы" банк.

Өтініш берушілер мен жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың толық тізімі банктің ресми сайтында жарияланған.

Барлығы 38 320 өтінім өңделді. Оның әрбір үшіншісі қатысушылар тізіміне енді.

"Наурыз" бағдарламасына қатысушылардың басым бөлігі – ер адамдар.

Тізімге енген 12 500 адамның 7 151-і – отбасылы қазақстандықтар, 9 100-і – кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар. Қатысушылардың шамамен 47% тұрғын үй кезегінде тұрғандар, олардың жартысы халықтың әлеуметтік осал санатына жатады.

Ең жас қатысушы – Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны. Ол политехникалық колледжде IT мамандығы бойынша білім алуда. Отбасы банкінен депозитке ашып, алғашқы жарнаға қаражат жинауға баланың ата-анасы көмектескен екен. Енді тәлімгер Алматыдан пәтер сатып алуды жоспарлап отыр.

"Наурыз" бағдарламасына қатысушылар 15 шілдеден 14 қыркүйекке дейінгі уақыт аралығында Отбасы банкіне кредиттік өтінім беруі тиіс. Егер бағдарламаға қатысушы заем бойынша оң мақұлдау алса, онда желтоқсан айының ортасына дейін баспана тауып, оны сатып алуға уақыты болады.

Ұпайлар қалай есептелді?

салым бойынша сыйақы мөлшері - әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;

тіркелген некенің болуы - 5 ұпай;

балалардың болуы - 10 ұпай (балалар санына қарамастан);

халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы - 10 ұпай;

35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.

"Наурыз" бағдарламасының шарттары:

алғашқы жарна - 20%-дан бастап;

тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);

азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);

несие мерзімі - 19 жылға дейін.

Қарыздың ең жоғарғы мөлшері:

- Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін.

- қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар